Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Меню сайта

Новости

«Эко Асар» марафоны. Акцияға «кезекші» сынып балалары қатысты.

«Эко Асар» марафоны шеңберінде 23 қыркүйек күні мектептің 4 «В» сынып оқушылары қоқыс қалдықтарын (макулатура, пластика) жинауға қатысты. Бұл акцияға «кезекші» сынып балалары қатысты.
Сынып оқушыларымен ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) дұрыс бөлу, табиғатқа деген сүйіспеншілік таныту және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану туралы арнайы сұхбат өткізілді. Балалар «Табиғат заңдары» тақырыбына дайындалған тұсаукесер материалдарын қарап,өздерінің байқағандары, алған әсерлері туралы ой бөлісті.
Экологиялық мәдениет дегеніміз – осы заңдылықтарды білу және орындау.
Балалардың аталған пайдалы акцияға қатысуына қолдау көрсеткендері үшін ата-аналарға алғысымызды айтамыз.



Просмотров: 802

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Copyright © 2020 Школа-лицей №35. Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"
© Все права защищены.

Присоединяйтесь к нам

Республика Казахстан
г.Астана, пр.Абая 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.почта: mail@35.edu.kz